1 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында «Адалдық – менің таңдауым» тақырыбында өткен буклеттер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды университеттің Комплаенс қызметі ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – студенттер арасында академиялық адалдық, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және өзекті әлеуметтік тақырыпты шығармашылық тұрғыда аша білгенін атап өтті.
Іс-шараға Комплаенс қызметінің жетекшісі Рахметов Т.Х., жетекші орынбасары Джубаялиева А.К., сондай-ақ тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызы қатысты. Олар өз сөздерінде жастар арасында адалдық, әділдік және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Джубаялиева А.К. байқау тек үлгерімі жоғары студенттерді ғана емес, сонымен қатар өз азаматтық ұстанымын креативті жобалар арқылы жеткізе алатын талантты, бастамашыл жастарды анықтауға мүмкіндік бергенін айтты.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — Каламғали Айбар, 3 курс студенті, «Мұнай-газ ісі»
2 орын — Жумабаев Сакен, 1 курс студенті, «Сәулет»
2 орын — Нурбаев Дамир, 1 курс студенті, «Мұнай-газ ісі»
3 орын — Навальный Никита, 2 курс студенті, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
3 орын — Кочеткова Елизавета, 1 курс студенті, «Ветеринария»
3 орын — Омаров Саламат, 1 курс студенті, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі»
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Аталған байқау студенттердің белсенділігін, олардың адал әрі жауапты қоғам қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсетті. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта табыс тіледі.



