Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киімдер күні ретінде аталып өтті. Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық болмысын және дәстүрлі құндылықтарын дәріптеуге арналған ерекше мереке.

Аталған күнге орай БҚИТУ ұжымы ұлттық киімдерді насихаттап, қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрметін көрсетті. Оқытушылар мен қызметкерлер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, төл мәдениетіміздің әсемдігін айшықтады.

Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, ол – ұлттың тарихы мен рухани дүниесінің көрінісі. Осындай тағылымды шаралар жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, ата-баба мұрасына деген құрметін арттыра түседі.

Көлік және технологиялар кафедрасының  ұжымы баршаңызды Ұлттық киімдер күнімен құттықтай отырып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға шақырады

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz