«Көрісу – татулықтың бастауы» тақырыбында 13 наурыз күні Мұнай-газ инженериясы кафедрасы білім алушыларға арналған мерекелік іс-шара өткізді. Шара 10 күнге жалғасатын Наурызнама мерекесі аясында ұйымдастырылып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталды.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді қазақ халқының бай мәдени мұрасымен, соның ішінде Көрісу айт дәстүрінің мән-маңызымен таныстыру, сондай-ақ академиялық ортада достық пен татулыққа негізделген жылы әрі бірлікке толы атмосфера қалыптастыру болды.

Мерекелік іс-шараға Башқұртстаннан арнайы келген құрметті қонақтар да қатысты. Олардың қатарында білім беру жобалары мен бағдарламаларын дамыту бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент Хазиев Данис Дамирович, сондай-ақ «Ет, сүт өнімдері технологиясы және химия» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Миронова Ирина Валерьевна бар.

Шара барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы пікір алмасып, мерекенің рухын сезінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар студенттер арасында қазақтың ұлттық ойыны асық ату ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше қызығушылықпен атсалысты. Бұл ойын жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, мерекелік кештің көркін қыздыра түсті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz