2026 жылғы 25 ақпанда кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес Орал қаласының № 33 ЖОББМ жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында университеттің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер ұсынылды.
Құқық кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Айешева университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы, студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Г.А.Айешева оқушыларға құқық саласындағы білім алу мүмкіндіктері, мамандықтың болашағы, құқықтану саласындағы мамандарға деген сұраныс туралы ақпарат берді.