2026 жылғы 7–28 мамыр аралығында Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында республикалық турнир өтті. Жарыс әлем чемпионы, Әлем кубогының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Тастайұлы Шайхиевті еске алуға арналды.
Аталған турнирде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Әбітұлы Қанат және Сәрсенова Айсұлу қола жүлдені жеңіп алды.
Жоғары жетістікке қол жеткізген студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!


