Ресей Федерациясының Тамбов қаласында Тамбов мемлекеттік техникалық университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің өкілдері арасында іскерлік кездесу өтті.

Іс-шараға ТМТУ «Сәулет, құрылыс және көлік» институтының директоры, т.ғ.д., профессор Павел Владиславович Монастырев, «Агроинженерия» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Сергей Михайлович Ведищев, «Автомобиль көлігінің техникасы мен технологиялары» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Александр Васильевич Милованов, сондай-ақ БҚИТУ СТИ директоры, т.ғ.к., профессор Бауыржан Акимжанович Билашев, Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі Ляззат Нурбулатовна Майранова және  «Көлік және технологиялар» кафедрасының қауымд. профессоры, PhD докторы Айнур Ароновна Кажияхметова қатысты.

Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу, біліктілікті арттыру және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың онлайн форматтағы академиялық ұтқырлығы мәселелері қаралды.

Негізгі нәтижелердің бірі ретінде «Сусымалы материалдарды мөлшерлеу, араластыру және тасымалдау технологиялық процесін жетілдіру» жобасы бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысын бастау туралы шешім қабылданды. Жоба халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында жүзеге асырылатын болады. Жобаның жетекшілері БҚИТУ,  PhD докторы А.А. Кажияхметова және ТГТУ, т.ғ.д., профессор С.М. Ведищев тағайындалды. Сонымен қатар, ПОҚ академиялық ұтқырлық шеңберінде А.А. Кажияхметова Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде ашық дәрістер курсын өткізіп, сертификатпен марапатталды.

Қатысушылар университеттер арасындағы ынтымақтастықтың білім беру сапасын арттыру және кәсіби дамуды қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz