2026 жылғы 5 ақпанда  “Құқық” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ. к. Т.Х. Рахметов пен аға оқытушысы Г. К. Қуатбек Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа ережелерімен танысу шеңберінде энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен түсіндіру кездесуін өткізді.

Түсіндіру жұмысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларға, олардың мемлекет пен қоғамның дамуы үшін маңыздылығына, сондай-ақ конституциялық реформалардың білім беру саласы мен академиялық ортаға әсеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, азаматтық қоғамның рөлін және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған реформалардың негізгі ережелері түсіндірілді, бұл білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы арасында құқықтық мәдениет пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесу соңында жүргізілген түсіндіру жұмыстары ПОҚ-ның Қазақстан Республикасы Конституциясындағы негізгі өзгерістер және олардың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға ықпал еткені, сондай-ақ осы ақпаратты одан әрі талқылау мен білім алушыларға жеткізудің маңыздылығы атап өтілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz