Мәскеу облысының Жобалаушылар қауымдастығы А.В. Кузьмин атындағы Ресей Федерациясы субъектілері мен муниципалдық құрылымдарының бас сәулетшілері кеңесімен бірлесіп, «АРХИ СТАРТ 2025» халықаралық дипломдық жұмыстар байқауын өткізді. Байқау сәулет мамандығы бойынша ең дарынды түлектерді анықтауға және қолдауға бағытталған.
Аталған байқауға «Сәулет және құрылыс» кафедрасының оқытушысы А.С. Абатованың ғылыми жетекшісі Б.Т. Утегеновтың жетекшілігімен «МАГИСТР+СПЕЦИАЛИТЕТ» бағыты бойынша «Қазақстан, Орал қаласындағы көпқабатты тұрғын үй кешені» тақырыбындағы дипломдық жобасымен қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша ұсынылған жұмыс сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, жобаның авторларының дайындық деңгейінің жоғары екенін және шығармашылық әлеуетінің зор екенін дәлелдейтін байқаудың Арнайы дипломымен марапатталды.