2026 жылғы 9 ақпанда Салалық технологиялар институтының Көлік және технологиялар кафедрасында 6В07101 – «Көлік техникасы және технологиялар» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған қонақ дәрісі өткізілді.
Қонақ дәрісті Батыс Қазақстан облыстық филиалы ЖШС «КАЖсервис» мекемесінің автожолдарды пайдалану бөлімінің жетекшісі Рахматуллин Ансар Ұзақбаевич жүргізді.
Дәрістің тақырыбы «Көлікті жөндеуде заманауи құралдар мен жабдықтарды қолдану» Іс-шара барысында спикер көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру саласында қолданылатын заманауи құрал-жабдықтар мен озық технологиялар жөнінде жан-жақты және жүйелі ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, өндірістік тәжірибеден алынған нақты мысалдар арқылы саладағы өзекті мәселелер, заманауи стандарттар мен кәсіби талаптар егжей-тегжейлі талқыланды.
Аталған қонақ дәрісі білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, теориялық білімдерін тәжірибелік іс-әрекетпен ұштастыруға және болашақ маман ретінде сапалы қалыптасуына елеулі үлес қосты.

