2025 жылдың 23 желтоқсанында 2024–2026 жылдарға арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университетінің жол картасын іске асыру аясында В.Н. Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университеті «IT-технологиялар» бағыты бойынша сараптамалық жұмыс тобының отырысын және «Жасанды интеллектіні енгізу кезінде этика мен қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, ресейлік университеттердің, сондай-ақ Тәжікстан мен Қырғызстанның өкілдері қатысып, жасанды интеллект және қауіпсіздік бойынша өз баяндамаларын ұсынды. БҚИТУ атынан «Қазіргі жасанды интеллект жүйелеріне кванттық қауіп: криптографиялық тұрақтылық және деректерге сенім» тақырыбында к.т.н., «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры баяндама жасады. Қатысушылардың баяндамалары үлкен қызығушылық туғызып, жасанды интеллект технологияларын енгізу кезінде этика мен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz