Жаңа жыл — ең сүйікті әрі ертегіге толы мереке. Бұл күні бәріміз ғажайыпқа сенгіміз келеді. Жаңа жыл келгенге дейін барлық жерде шыршаларға шамдар жағылып, көшелер түрлі-түсті жарықтармен безендіріледі. Әр үйде оның келуіне балалар мен ересектер дайындалады.
Мерекені көркейту үшін БҚИТУ салалық технологиялар институтының мансап және практиканы ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері 2025 жылғы 25 Желтоқсанда № 17 ЖОББМ-де 3-сынып оқушыларына алдағы Жаңа жылға арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Ұйымдастырылған мерекелік іс-шара барысында Аяз ата оқушыларды Жаңа жылмен құттықтап, тақпақтар мен өлеңдер айтқан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Іс-шара оқушылар ғана емес, ата-аналар үшін де үлкен қуаныш сыйлады.