2025 жылдың 1 желтоқсанында серіктес жоғары оқу орны – И.Н. Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларымен бірлескен қонақ дәрісі өтті.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері мен оқытушылары алдында «Электр технологиялары, электр құрылғылары және автоматтандырылған өндірістер» кафедрасының меңгерушісі, доцент, техника ғылымдарының кандидаты Алексей Германович Калинин «Электртехникалық бұйымдар өндірісінде араластырумен үйкеліс арқылы дәнекерлеу технологиясы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ «Робототехника және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі, профессор, техника ғылымдарының докторы Сергей Анатольевич Васильев «Агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті роботтандыру және автоматтандыру» тақырыбында дәріс оқыды.

И.Н. Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университетінің студенттеріне «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Лязат Анатольевна Садыкова «Қазақстандағы баламалы энергетиканы дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дәріс жүргізді.

Іс-шараға екі тараптың шақыруымен «Орал трансформатор зауытының» бас технологы Динислам Иманалиевич Шаймерденов қатысты.

Кездесу нәтижелі өтті, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, 2026 жылдың 14–15 сәуірінде Чуваш мемлекеттік университетінде өтетін студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына шақырылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz