«Мұнай-газ инженериясы» кафедрасы «ОралМұнайгазгеологиясы» АҚ-да 6В07201/6В07204 «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттеріне бұрғылау жабдықтары бойынша экскурсия ұйымдастырды.
Студенттерді «ОралМұнайгазгеологиясы» АҚ-ның ҚОҚ және ЕҚжЕҚ жөніндегі бас техникалық жетекшісі Нургазинов Мурат Салауатович қарсы алып, бұрғылау жабдықтарының құрылымы мен жұмыс ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Экскурсия барысында жабдықтардың түрлері көрсетіліп, олардың жұмыс істеу принциптері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

