2025 жылдың 24 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ЮР-42.О тобының студенттері оқытушы Абдрашит А.А.-мен бірге Мамандандырылған тергеу сотына барды.
Сапардың алғашқы кезеңі – алаяқтық ісі бойынша өткен сот отырысына қатысу болды. Студенттер тыңдарман ретінде қатысып, сот тергеуінің барысын, істің қаралу тәртібін, тараптардың сөз сөйлеуін, сондай-ақ судьяның, прокурордың және адвокаттың процессуалдық нормаларды сақтау тұрғысынан жұмысын талдады. Мұндай бақылау студенттерге нақты сот талқылауының құрылымын және қылмыстық процестің кезеңдерін тәжірибеде көруге мүмкіндік берді.
Сот отырысынан кейін студенттерге Мамандандырылған тергеу сотының аппарат басшысы Бисақаева Баянсұлу Ерікқалиевна таныстыру дәрісін өткізді.
Дәріс барысында ол студенттерге:
Мамандандырылған тергеу сотының құрылымы мен өкілеттіктері;
Сотқа дейінгі сатыда процессуалдық өтініштер мен шағымдарды қарау тәртібі;
Сот аппаратының жұмысы және сот әкімшісінің міндеттері;
Соттың тергеу органдарымен өзара іс-қимылы және сот процесін ұйымдастыру ерекшеліктері жөнінде ақпарат берді.
Болашақ заңгерлер үшін сотқа барудың маңызы
Алынған тәжірибе студенттердің кәсіби даярлығының маңызды бөлігіне айналды, себебі ол:
Сот жүйесінің жұмыс істеу механизмдерін іс жүзінде көруге мүмкіндік берді;
Теориялық білімді нақты сот ісін бақылау арқылы қолдануға жағдай жасады;
Сот пен оның қызметкерлерінің қылмыстық процесстегі рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті;
Кәсіби дағдыларды қалыптастырып, болашақ заңгерлік қызметке деген қызығушылықты арттырды.

