2025 жылы 21 қараша күні ЗКИТУ мен БҚО Полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Құқық кафедрасында 6В04202 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін Криминалдық полиция қызметкерлерінің «Криминалдық полиция қызметкерлері тарапынан ауыр қылмыстарды ашу» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті.

Криминалдық полиция қызметкерлері – жедел-іздестіру бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Даирбеков Ринат Рафикович және осы бөлімнің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Халилов Қайрат Естагапарович – осы семестрде «Құқық қорғау органдары» және «Жедел-іздестіру қызметі» пәндерін оқып жатқан 3–4 курс студенттеріне жедел қызметтің қылмыстық құқықбұзушылықтармен күрестегі рөлі, атап айтқанда тұлғаға қарсы жасалатын жасырын және ауыр қылмыстарды ашудағы маңызы туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Лекторлар өңірдегі өз тәжірибелеріне сүйене отырып, жедел-іздестіру әдістерін, тактикалық жұмысты және өзге қызметтермен өзара әрекеттесуді тиімді қолдану арқылы қос азаматты өлтіру, тонау, қарақшылық, мал ұрлығы және басқа да бірқатар қылмыстарды ашып, қылмыскерлерді жауапкершілікке тартқан нақты мысалдарды келтірді.

Дәріс барысында криминалдық полиция қызметкерлері БҚО ПД жұмысынан алынған бейнематериалдар көрсетіп, онда мал ұрлығы, браконьерлік, есірткі заңсыз айналымы, атыс қаруын сақтау сияқты қылмыстарды алдын алу және ашу жедел әзірлемелердің нәтижесінде қалай жүзеге асқаны көрсетілді.

Сабақ соңында полиция офицерлері студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, оларға оқуында табыс тілеп, өндірістік тәжірибеден өтуге және оқуын аяқтағаннан кейін криминалдық полиция қызметіне орналасуға шақырды.

Іс-шараның модераторы – Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Рахметов Т.Х. – кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер атынан қонақтарға мазмұнды дәрісі үшін алғыс айтып, қызметтеріне табыс тіледі. Полиция қызметкерлеріне кафедраның материалдық-техникалық базасы да таныстырылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz