Сәулет және құрылыс кафедрасының оқытушысы А.С. Абатова АРХ-22О тобының студенттерімен 24.11.2025ж күні «Жайық Арена» көпфункционалды спорт кешеніне экскурсияға барды.

Экскурсияның мақсаты – болашақ сәулетшілерді функционалдық аймақтау, инженерлік шешімдер мен кеңістікті архитектуралық ұйымдастырудың қазіргі талаптарына сай келетін заманауи спорт нысанымен таныстыру болды.

Экскурсия барысында студенттер осындай типтегі ғимараттардың нақты көлемдерін көріп, ірі спорттық нысандардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті үй-жайлардың құрылымы мен жоспарлану ерекшеліктерімен танысты. Ерекше назар келушілер мен спортшылардың қозғалыс логистикасына, ағындардың ұйымдастырылуына және техникалық аймақтарға аударылды.

Спорт кешенінің қызметкері — Райгуль Муратовна — студенттерге тренажер және әмбебап залдарды, шешінетін бөлмелерді, техникалық үй-жайларды, әкімшілік блоктарды және ғимараттың басқа да функционалдық аймақтарын көрсетіп, мазмұнды экскурсия жүргізді.

Экскурсия студенттердің теориялық білімдерін бекітуге, кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беріп, ірі қоғамдық ғимараттардың сәулетін тереңірек зерттеуге ынталандырды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz