17–25 қараша аралығында университетте «Адал азамат» студенттік плакаттар байқауы өткізілді. Байқауға 6В07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары және 6В07104 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты.

Байқау қатысушылары адалдық, азаматтық ұстаным және адамгершілік құндылықтары тақырыптарын қамтитын авторлық суреттер мен плакаттар дайындады. Студенттердің жұмыстары шығармашылық көзқараспен, өзіндік ерекшелігімен және терең мазмұнымен ерекшеленеді.

Байқау көркемдік ойлауды дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және әлеуметтік маңызы бар жобаларға қызығушылықты арттыруға ықпал етті!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz