2018 жылдың 11 сәуірінде С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті ауыл шаруашылық мамандықтары кафедрасы және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті экология және биотехнология кафедрасы арасында онлайн режимінде «Нодулярлы дерматит ауруын алдын алудағы іс-шаралар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Онлайн өткізілген дөңгелек үстелге С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің студенттері және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері қатысып, 6 баяндама тыңдалды.

С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінің 5В120200- Ветеринарлық санитария мамандығының 2 курс студенттері Махмутова Сымбат «Нодулярлы дерматитті анықтау және жұғу жолдары», Оспанова Әсем «Клиникалық белгілері және қоздырғышы», Қуанышбаева Маржан «Алдын алу шаралары» атты тақырыпта баяндама жасады. Студенттер аталған тақырыптарын кеңінен ашып, бұл вирустық жұқпалы ауру екендігі анық айтылды. Ол терінің зақымдалуы, лимфа жүйесі, шырышты қабықшалар, тері астындағы тіндердің қабынуы және олардың некрозымен сипатталатының нақтылады.

Келесі баяндамашылар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 5В120200-Ветеринарлық санитария мамандығының 2 курс студенттері Бижанова Айару «Патологиялық анатомиялық өзгерістері», Орынбасарова Бактыгүл «Ажыратып балау», Абу Қарлығаш «Нодулярлы дерматит емі» атты тақырыпта баяндама жасады. Диагнозды эпизоотиялық, клиникалық, патолого-анатомиялық деректер мен зертханалық зерттеулер арқылы анықтайтынын және оны анықтауда диагностикалық гистологиялық тексеру маңызды орын алатыны белгілі болды.

Онлайн режимінде өткен дөңгелек үстелді қорытындылай келе, жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын-алу және емдеу бойынша ұсыныстар берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz