14 қараша күні Білім және менеджмент институтының «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушылары Салимбаева Ш.Д., Умарова Н.С. ұйымдастыруымен «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика» білім бағдарламасы білім алушыларына арналған «Төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын есептеу мәселелері бойынша» тақырыбына қонақ дәріс өтті. Қонақ дәрісте Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтаныдру қоры АҚ филиалының заңгері Карабалина Айжан Аманжоловна және бас маман Куангалиевна Назгуль Суиндюковна төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеу және қайтару мәселелері бойынша сұрақтарға тоқталып, өзекті мәселелерді білім алушыларға жеткізді.
Әлеуметтік аударымдарды жинақтауды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы көптеген сұрақтар қарастырылды.
Қонақ дәріс білім алушылардың кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, әлеуметтік жағдайларын тиімді қалыптастыруға ынталандырды.


