Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министірлігімен жасалған 01.10.2024 ж. №428 ПЦФ 24-26 келісім-шарты бойынша BR24992892 – «Инновациялық азықтандыру хаттамаларын әзірлеу және жас малдарды өсіру технологиясын интенсификациялау негізінде сүтті малдың өнімділігін арттырудың ғылыми негізделген әдістері» ғылыми-техникалық бағдарламаның күнтізбелік жоспарына сәйкес «Төленгіт» шаруа қожалығында 2025 жылдың қараша айының 1-8 күндері аралығында ветеринария және техносфералық кафедрасының ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Е.Г.Насамбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор К.Г.Есенгалиев, аграрлық-инновациялық технологиялық паркінің аға ғылыми қызметкері А.К.Жолдасбеков ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысында «Төленгіт» шаруа қожалығында ұстап бағылатың симментал тұқымды сиырларының сүті мен уызының химиялық құрамын анықтау өткізілді. Уыздың физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттері, қоректік заттардың құрамы анықталды, уызды жинау және сақтау әдістері жасалды. Уызды жинау мен сақтаудың тиімді және гигиеналық жүйесі құрылды, ол оның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Колострометриялық әдіспен алынған уыздың сапасы зерттелді. Симментал тұқымды сиырлардың сүті мен уыз сынамаларының мынадай көрсеткіштері мен құрамы және қасиеттері анықталды: май мөлшері, ақуыз мөлшері, СОМО, тығыздық, БРИКС көрсеткіші. Сонымен қатар, симментал тұқымды сиырларын азықтандыру хаттамаларына сәйкес азықтандыру үрдісі және сиырлар мен бұзаулар тұратың қора-жайдың микроклиматы бақылауға алынып тексерілді.

