2025 жылғы 11 қараша күні Білім және менеджмент институтының шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы Давлетова Жасмин Ержановна «Artificial Intelligence: Assistant or Threat?» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, мысалдар мен дәйектер келтірді. Дөңгелек үстел форматы студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, ауызша сөйлеу дағдыларын және өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізу қабілетін дамытуға ықпал етті.

Сабақ жылы және шығармашылық атмосферада өтті, студенттер тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Өткізілген ашық сабақ өз мақсатына жетті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz