Оқу – әдістемелік жұмыс жөніндегі бірінші проректор Самал Машанова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға заманауи білім берудің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шарты ретінде білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ашылу барысында оқу-әдістемелік қызметті жетілдіруге, озық тәжірибемен алмасуға және оқытудағы инновациялық тәсілдерді ынталандыруға бағытталған сапа апталығының мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Сапа апталығы – 2025 аясында әдістемелік семинарлар, ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Сапа апталығын өткізу кадрларды кәсіби даярлау деңгейін арттыруда және БҚИТУ-дың инновациялық және цифрлық білім беру саласындағы өңірдің жетекші жоғары оқу орны ретіндегі ұстанымын нығайтуда маңызды қадам болады деп күтілуде.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.