2025 жылғы 8 қараша күні Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы жатақхана студенттері үшін «READx – мен оқыған кітап» атты шығармашылық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, олардың ой-өрісін кеңейту және әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру болды.

Іс-шара барысында студенттер Асылбекқызы Қ., Толыбай Д., Омаров С., Төлеген А., Төреханова С. және Тыныштық С. өздері оқыған кітаптарға шолу жасап, шығармалардың мазмұнымен, басты кейіпкерлерімен және оқиға желісімен таныстырды, сондай-ақ әр туындының негізгі идеялары мен ерекшеліктерін талқылады. Қатысушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен және өмірлік сабақтарымен бөлісіп, бұл пікір алмасу студенттердің шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Іс-шара қорытындысы бойынша үздік баяндама жасаған студенттер анықталып, оларға оқу мен әдебиетке деген қызығушылығын және өз ойын көркем жеткізе білу шеберлігін мойындау белгісі ретінде алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«READx» жобасы студенттердің кітап оқу дағдысын қалыптастыруға түрткі болып қана қоймай, сонымен қатар олар үшін қарым-қатынас мәдениетін, пікірталас пен өзін-өзі таныту қабілеттерін дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Бұл жоба студенттердің тұлғалық және рухани өсуіне ықпал еткен маңызды білім беру және шығармашылық оқиға болды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.