БҚИТУ салалық технологиялар институтының маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасы Орал қаласындағы №1, №2, №3, №4, №14, №16, №17, №19, №21, №20, №20, №25, №51, № 52 мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізуде.
Мақсат – түлектердің кәсіби даму бағытын айқындап, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесу.
Кездесу барысында университет мамандары оқушыларды білім беру бағдарламаларымен таныстырады, оқуға қабылдау талаптарын, грантқа түсу мүмкіндіктерін, студенттік өмірді, халықаралық бағдарламаларды және мансап перспективаларын түсіндіреді.
Әрбір кездесу қызу диалог форматында өтеді: студенттер белсенді түрде сұрақтар қояды, викториналарға қатысады және мотивациялық материалдарды алады. Мектеп бітірушілердің табыстары мен заманауи оқыту бағдарламалары бойынша презентациялары ерекше қызығушылық тудырады.
БҚИТУ білім беріп қана қоймай, жастарға өз талабын табуға көмектеседі!
