16 сәуір күні Құқық кафедрасы 2026–2027 оқу жылына арналған 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасын жетілдіру мақсатында Академиялық комитеттің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында білім беру бағдарламасының мазмұны, құрылымы және өзектілігі қарастырылды.

Талқылау барысында білім беру бағдарламасының еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестігі, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру деңгейі, сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнын жаңарту мәселелері қаралды. Комитет мүшелері оқу жоспарын жетілдіру, практикалық бағыттылықты күшейту және студенттердің құқықтық дағдыларын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Академиялық комитет отырысына кафедра оқытушылары, жұмыс берушілер, сондай-ақ білім алушылардың өкілдері қатысып, білім сапасын арттыруға бағытталған өз пікірлерін білдірді. Бұл, өз кезегінде, білім беру бағдарламасының практикалық маңыздылығын арттыруға және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жұмыс берушілер тарапынан 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасын әзірлеуге Академиялық комитеттің келесі мүшелері қатысты:
• Салыков А.А.-БҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы;
• Нұрсұлтанова Д.Е.-БҚО бойынша прокурордың аға көмекшісі, әділет кеңесшісі;
• Ерсенова Х.К.-Орал қаласы №2 сотының судьясы;
• Алимбаева С.С.-КАЖД-нің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы;
• Калиев Е.Н.-Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы.

Отырыс қорытындысы бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша нақты шешімдер қабылданып, оларды алдағы оқу үдерісіне енгізу жоспарланды. Сонымен қатар, өндірістік тәжірибе, тағылымдамалар және бірлескен ғылыми-білім беру жобалары мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдармен ынтымақтастық бағыттары айқындалды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz