30-қазан 2025 жылы күні теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 6В07101 – Көлік, көліктік техника және технологиялар және 6В11301 – Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушылары мен оқытушылары «Toyota» автоорталығына танымдық экскурсия жасады.
Экскурсия барысында білім алушыларға автокөліктердің құрылысы, қызмет көрсету технологиялары, жаңа экологиялық стандарттар мен қауіпсіздік жүйелері туралы мәліметті орталықтың директоры Рустам Хайруллаевич жан-жақты айтып берді. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету барысында диагностикалық жарықтандыруды қолданудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, заманауи жарықтандыру жүйесі көрнекі бақылаудың дәлдігін арттырып, диагностиканың сапасын және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Экскурсия барысында алынған білім мен тәжірибе білім алушылардың кәсіби дүниетанымын кеңейтіп, техникалық қызмет көрсету және тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы болашақ маман ретінде практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретініне сенімімміз мол!

