2025 жылдың 24-қазанында Тәжікстан мемлекеттік коммерция университетінде «Цифрландыру және инновациялар: даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның пленарлық отырысының спикерлерінің бірі ретінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор С.А. Машанова сөз сөйледі.

Өз баяндамасында ол Тәжікстан мемлекеттік коммерция университетінің БҚИТУ-дың стратегиялық серіктесі болып табылатынын, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған сәттен бастап университеттердің бірлескен жұмысын нығайтатын түрлі іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. С.А. Машанова бұл конференция озық білім алмасуға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және тұрақты даму үшін бірлескен шешімдер қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Конференция жұмысына алыс және жақын шетел университеттерінің оқытушылары, оның ішінде БҚИТУ-дың Білім және менеджмент институтының қаржы және экономика кафедрасының оқытушылары Г.К. Құрманова, Б.А. Оразова, Б.Б. Сұханбердина, Ж.А. Тілесова, Л.В. Федорченко қатысты

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz