2025 жылғы 20 қазаннан бастап мұнай-газ инжиниринг кафедрасында «Мұнай-газ өндірісінің технологиялық үдерістерін автоматтандыру» пәні бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы аясындағы сабақтар басталды. Бағдарлама Әлмәт мемлекеттік технологиялық университетінің «Жоғары мұнай мектебімен» бірлесе жүзеге асырылуда. Сабақтарға 6В07204 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысуда.

Сабақтарды техникалық ғылымдар кандидаты, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті Ситдикова Ирина Петровна жүргізеді. Ол өзінің мол педагогикалық және өндірістік тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге терең білім беруде. Алғашқы дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың өзінде-ақ студенттер пәнге ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, заманауи автоматтандыру технологияларын талқылап, өздерінің инженерлік идеяларымен бөлісуде.

Мұндай білім беру бастамалары жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ инновациялық тәсілдерді білім беру процесіне енгізуге ықпал етеді. Студенттер өндірістік үдерістерді басқарудың заманауи әдістерімен және олардың кәсіпорындарда қолданылу тәжірибелерімен танысу мүмкіндігіне ие болуда.

Бірлескен бағдарлама студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың инженерлік ойлау қабілетін, практикалық міндеттерді шешуге дайындығын және жоғары технологиялық мұнай-газ өндірісі жағдайында жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz