Орал қаласында өткен жастар (қыздар) арасындағы жамбы атудан Қазақстан Республикасының чемпионатында Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған 6В09103-Ветеринария білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Аружан Ықсан тамаша өнер көрсетіп, ел біріншілігінің жеңімпазы атанды!

Айтулы додада бірнеше стиль бойынша өз мергендігін дәлелдеген Аружан төмендегідей жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

“Түркі” стилі бойынша – I орын

“Жамбы” стилі бойынша – I орын

“Азия” стилі бойынша – III орын

Сонымен қатар, 2025 жылдың 28 қазан – 1 қараша күндері Жамбыл облысы, Меркі ауданында өтетін жасөспірімдер және жастар арасындағы жамбы атудан республикалық турнирге, сонымен қатар 2025 жылдың 8–10 қараша күндері Индонезия елінде өтетін ІNAA ASIAN NATION STAGE жамбы атудан ересектер арасындағы халықаралық жарысқа қатысушы ретінде Аружан Ықсан ел намысын қорғамақ.

Аружанға алдағы айтулы додаларда сәттілік пен жеңіс тілейміз! Университетіміздің, қаламыздың және еліміздің абыройын асқақтатарына сенеміз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz