«Сәулет және құрылыс» кафедрасының «Құрылыс материалдары және құрылыс жылу физикасы» зертханасында оқу процесі барысында студенттердің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Зертханалық сабақтар студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, заманауи құрылыс материалдарының қасиеттерін зерттеуге және оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Зертхана базасын жетілдіру мақсатында жаңа құрал-жабдықтармен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде оқу және ғылыми-зерттеу үдерісінің сапасын арттыруға, студенттердің тәжірибелік даярлығын жетілдіруге және ғылыми ізденістерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңғырту іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, кафедраның ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға және құрылыс саласы бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға үлес қосады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz