2025 жылғы 24 қыркүйекте көлік және технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Гумаров Д.Ж., Сарсенбаева Л.Х. және Оразгалиева М.К. 6В07104 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», 6В07101 – Көлік, көліктік техника және технологиялар, 6В11301 – Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арнап «Белес-Агро» ЖШС-на оқу экскурсиясын ұйымдастырды.
Экскурсия барысында білім алушылар әртүрлі технологиялық машиналар мен қондырғылардың құрылысымен, олардың жұмыс істеу принциптерімен, ұтымды пайдалану жолдарымен, техникалық қызмет көрсету және жөндеу ерекшеліктерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар білім алушылардың тәжірибелік білімін нығайтып, кәсіби көзқарасын кеңейтуге және болашақ инженер-технологтарға қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Кафедра ұжымы ұсынылған мүмкіндік үшін «Белес-Агро» ЖШС басшылығына, сондай-ақ жемісті ынтымақтастығы үшін бас инженер Д.Д. Кереевке ерекше алғыс білдіреді!

