2025 жылдың 24 қыркүйегінің «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.Б. Ширванов «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу» және «Көліктегі еңбекті қорғау» пәндерін оқу аясында БЖЗ-32О, ОП-22О, ТТТ-22О оқу топтарының білім алушыларына үшін тәжірибеге бағыттанған сабақ өткізді. «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша сабақ Орал қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен өрт-техникалық орталығының базасында өтті. Оның барысында білім алушылар Орал қаласының өрт сөндіру күзетінің пайда болу тарихымен, орталықтың өрт-техникалық көрмесі мен экспонаттарымен, заманауи техникалық құралдармен, өртті сөндіру тактикасымен және тәсілдерімен танысты. Сабақ орталық пен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің белсенді қатысуымен, сондай-ақ білім алушылар тарапынан жоғары қызығушылық танытумен өтті. Орталық пен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамыз және бұл ынтымақтастық жалғасады деп үміттенеміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz