2025 жылдың 5-мамырында БҚИТУ Білім және менеджмент институтында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арналған «Ұлы  Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты университетімізде өткізілген апталықтың қорытынды концерті өтті. Концертке университеттің оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Шара соғыста ерлікпен қаза тапқан қаһарман батырларды  бір сәт үнсіздікпен еске алуымен басталып, БҚИТУ ректоры, техника ғылымдарының кандидаты Шакешев Бекбулат Темержановичтің құттықтауымен жалғасты. Сұрапыл жылдарда батырлық пен өжеттіліктің  символы болған солдат пен ананың сезімдері мен ойларын жеткізетін поэтикалық көрініс қойылды, патриоттық рухтағы әндер шырқалып, студенттер өз өнерлерін көрсетті, концерттік бағдарламаның көркемдік жетекшісі Шынтимирова Райса Ғаббасқызының дирижерлығымен университеттің оқытушылар мен студенттерінен құралған хор ән шырқады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz