2018 жылдың 8 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің экология және биотехнология кафедрасының базасында «Проблемы природных и урбанизированных территорий» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты табиғи және урбандық территорияларды зерттеп оқу барысындағы ең басты ғылыми және техникалық жетістіктер бойынша өзара пікір алмасу болды.
Конференция отырысында табиғи-антропогендік жүйелерді басқарудың негізгі принциптерін қалыптастыру, халықтарды көшірудің экологиялық-тарихи және геоэкологиялық аспектілерінің, құрылыс салынған территориядағы үрдістерді кешенді сараптау сұрақтары кеңінен қарастырылып талқыланды.
Конференцияға БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультетінің 5В090700-Кадастр, 5В090300-Жерге орналастыру мамандықтарының студенттері, сонымен қатар Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығының студенттері де қатысты. Конференция барысында қатысушылар баяндама және презентация түрінде дайындалған өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Конференцияның модераторы Ю.А. Гагарин атындағы СМТУ доценті, география ғылымдарының кандидаты Яшков Иван Александрович болды. Конференция ұйымдастырушылары дайындалып ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Конференция аясында халықаралық қатысуменен «Общественная дипломатия и вопросы межрегионального сотрудничества Казахстана и России» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына инженерлік-технологиялық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кадыргалиев Н.М.; халықаралық қатынастар және ғылыми жұмысы бойынша проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта В.А.; Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің доценті, география ғылымдарының кандидаты Яшков И.А.; экология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Байтлесова Л.И., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сериков Ж.С.; тарих ғылымдарының кандидаты Мухамбетов М.А., сонымен қатар экология және биотехнология кафедрасының оқытушылары да қатысты.
Дөңгелек үстелде шекарааралық және аймақаралық қатынастар, Қазақстан және Ресей арасындағы қарым қатынастардың даму потенциалы туралы сұрақтар талқыланды. Соның ішінде ұлт аралық қатынастар сұрақтарына ерекше көңіл бөлінді.
Конференция қорытындысы бойынша студенттерге және ғылыми жетекшілеріне сертификаттар табысталды.

