2018 жылы 7 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, инженерлік-технологиялық факультетінде «Вклад особо охраняемых природных территорий в сохранении культурного наследия» атты дөңгелек үстел оздырылды.

Дөңгелек үстел БҚИТУ «Экология және биотехнология» және Ю.А.Гагарин атындағы Саратов Мемлекеттік техникалық университеті «Геоэкология және инженерлік геология» кафедраларымен ұйымдастырылды. Отырысқа 5В090700- Кадастр, 5В090300 – Жерге орналастыру мамандықтарының студенттері де қатысты. Дөңгелек үстел барысында Ресей және Қазақстанның мәдени мұрасының биоалуан түрлілігін сақтаудағы ролі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерінің сұрақтары талқыға салынды.

Аталған іс-шараның модераторы, экология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Л.И. Байтлесова өз баяндамасында ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаралып жатқан мәселелердің орындылығын, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екендігін атап өтті.

БҚИТУ халықаралық қатынастар және ғылыми жұмысы бойынша проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор В.А. Бурахта өз сөзінде бірлескен оқу бағдарламаларын құруда, ғылыми кадрларды дайындауда,  шығармашылық ынтымақтастық жоспарларын,  бірлескен жобалар  құруда, ғалымдардың ғылыми жұмыстарында, қосымша білім алуда Ресей және Қазақстан мемлекеттерінің ЖОО-ның ынтымақтастығының маңыздылығы туралы атап өтті. В.А. Бурахта ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың   проблемалары мен келешегі сұрақтары халықаралық деңгейде де, мемлекет шеңберінде де нақтылығына тоқталып, және дөңгелек үстелдің жемісті және нәтижелі болуына тілек білдірді.

Қатысушылардың алдында Ю.А. Гагарин атындағы Саратов Мемлекеттік техникалық университеті «Геоэкология және инженерлік геология»  кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты И.А. Яшков баяндама жасады. «Гагаринский плавучий университет: концепция и миссия» атты баяндамасында жерді қорғау және тиімді пайдалану саласында тәжірибе алмасу қажеттілігі туралы айтты.

5В090700- Кадастр мамандығының 2 курс студенті В. Коцевал  «Анализ природно-заповедного фонда Республики Казахстан» тақырыбында баяндама жасады.  Қорғалатын табиғи аумақтардың қазіргі жай-күйіне сараптама жасалып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінетін аудандардың өзгеру динамикасын көрсететін диаграмма, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда республиканың заңнамасын жетілдіру мәселелеріне бағытталған шаралар туралы айтты.

5В090700- Кадастр мамандығының 2 курс студенті Макар З. «Законодательство РК в области особо охраняемых природных территорий» тақырыбында баяндама жасады.  Өз сөзінде студент елде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға бағытталған көптеген заңдар, нормативтік-құқықтық актілер және басқа да ережелер бар екенін түсіндірді.

5В090700- Кадастр мамандығының 3 курс студенті Наумова Д. «Памятник природного наследия Западно-Казахстанской области» тақырыбында баяндама жасады. Студент өз баяндамасында  аймақтың табиғи мұраларының нысандарының  жалпы сипаттамасын берді, оларды зерттеу мен сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Барша қатысушылары үшін қызықты болған шара, ол студенттердің Батыс Қазақстан облысындағы мәдени мұра объектілерін білуге арналған сауалнамаларын зерттеудің нәтижесі болды. Сауалнама нәтижелері студентке зерттеулер бойынша негізгі тұжырымдары мен ұсыныстарын қалыптастыруға көмектескен.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде  Ю.А.Гагарин атындағы Саратов Мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен магистранттары да қатынасты. Олар өз баяндамаларында Саратов облысы мен Саратов қаласы.  қаласының аумағында геоэкотуризм мәселелері талқылады. Студенттердің баяндамаларында «Нижнебанновский» ерекше қорғалатын табиғи аумағының зерттеу нәтижелері көрсетілді, аталған жерде студенттер жыл сайын зерттеу жүргізеді.

Дөңгелек үстелі соңында іс-шараның модераторы Л.И. Байтлесова қорғалатын  табиғи аумақтарды мемлекеттік басқару жүйесінің қазіргі кездегі жетілдірілмегендігі, әлемдік тәжірибеге сәйкес келмейтіні және қорықтар мен ұлттық саябақтардың дамуына, соның ішінде туризмді дамытуға кедергі болатындығына байланысты, қорытындылар мен тұжырымдар жасады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz