Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультеті дәстүрге айналған «Талапкер – 2018» Орал қаласы мектептерінің бітірушілеріне «Ашық есік күні» шарасын өткізді.
Мектеп түлектерінің алдында факультет деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Ж.Ж., Жумаев., «Шет тілі жәні аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ұ.К., Доукариева Ұ.К., «Мәдени-тынығу жұмысы және ЖББП» кафедрасының аға оқытушысы З.Т.Кубеева сөз сөйледі.
Факультеттің белсенді студенттері Абылай Кенжегалиев мен Айсұлу Қосдаулетова сөз сөйледі.
Шара барысында студенттердің ұйымдастыруымен мерекелік концерт ұсынылды, қызықты конкурстар ұйымдастырылды, естелік сыйлықтар таратылды. Шараның соңында мектеп түлектеріне факультетте танымдылық экскурсия ұйымдастырылды.
Ашық есік күніне қатысу – түлектердің болашақ мамандығын таңдап, мақсатқа жету жолындағы сенімді қадамы. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тілдер және менеджмент» факультеті Орал қаласы колледждерінің 2016 жылғы бітіруші түлектері үшін кезекті ашық есік күнін ұйымдастырды.
Шараның ашылу салтанатынан кейін облыс «Еуразия» индустриалдық-экономикалық колледжі, газ, мұнай және салалық технологиялық колледжі, инженерлік-технологиялар колледжі, қаржы-экономикалық колледжі, гуманитарлық-техникалық колледжі түлектерінің алдында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті тілдер және менеджмент факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Ж. Ж. Жұмаев, кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Б.Ғ.Искакова және т.б. аға ұстаздар сөз сөйледі. Экономика және менеджмент кафедрасы дайындаған “Алтын сандық” викторинасына болашақ студенттер белсене қатысты.
Колледж түлектері оқу дәрісханалары мен зертханаларын аралады, факультетте білім алып жатқан студенттермен сөйлесті. Олар кәсіби бағдар туралы өздеріне қажетті ақпараттар алып, факультет оқытушыларымен, студенттік деканаттың белсенді студенттерімен танысты.