2025 жылдың 12-сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен белсенді және волонтер жастарды бір алаңға тоғыстырған TEAM-UP FEST тимбилдингі өтті.

Бұл күні жастар бір-бірімен танысып қана қоймай, ортақ идеяларымен, ойларымен бөлісті. Шара барысында жастар үшін арнайы қызықты ойындар, жанды музыка мен кофе-брейк ұйымдастырылды.

Аталмыш тимбилдингке университетіміздің белсенді студенттері де қатысып, би және ән жарыстарында өз таланттарын паш етіп, ортақ қуаныш пен шабытқа толы әсерлі сәттерді бөлісті. TEAM-UP FEST жаңа таныстықтардың, шынайы эмоциялардың және жастар қуатының жарқын көрінісіне айналып келе жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.