2025 жылғы 8 сәуірде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Болашақтағы білім беру инновациялар мен технологиялар: Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру, жаңа әдістемелер мен шешімдерді талқылау, тәжірибе алмасу.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар білім беру саласындағы жасанды интеллекттің рөлі, артықшылықтары, даму перспективалары туралы өзара пікір алмасып, салалық жаңалықтармен бөлісті.

Аталған шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының меңгерушісі Г.Ш. Утешева мен кафедраның аға оқытушысы А.М. Ғайнешова қатысты. Олар білім беру үрдісінде жасанды интеллектті қолданудың заманауи бағыттары мен тәжірибелері туралы пікір алмасып, жоғары білім беру саласына енгізіліп жатқан инновациялық жобалар жөнінде ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара білім беру саласындағы заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы болашақ ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған бастамаларға серпін берді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz