2025 жылдың 25-ақпанында филология және оқыту әдістемесі кафедрасының “Жас әдіскер”, Жас кітапханашы”, “Зерде” студенттік ғылыми үйірмелерінің белсенді мүшелері Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жанындағы “Хамзатану” ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты. “Кітапхананың электронды каталогтары – ақпарат іздеудегі басты құрал ретінде” атты библиография күнінің бағдарламасы аясында студенттер электронды каталогтан, басқа кітапханалардың дерекқорларынан және кітапхананың библиографиялық өнімдерін іздеу құралдарымен жұмыстанды. Ғылыми білімнің нақты салаларындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасу арқылы студенттер  өздерінің болашақ кәсіби қызметін модельдеу бағытындағы пайдалы ақпарат алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz