2025 жылдың 17 ақпанында БҚИТУ мен Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес, 2 семестрде “Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы” арнайы пәнін оқитын 6В04202 “Құқықтану” Білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс білім алушыларына арналған салалық технологиялар институтының құқық кафедрасында жұмыс берушілердің БҚО ҚАЖД-нің практикалық қызметкерлері “Жазаны және бақылауды орындайтын мекемелер мен органдар” тақырыбы бойынша қонақ дәрісі өтті.
Дәріскерлер; №74 мекеменің орынбасары әділет подполковнигі Л.К. Ахметқалиева және №27 мекеменің режим бөлімінің бастығы әділет майоры Е.Айберстиев тыңдаушыларға сот сотталған азаматтарға жазасын өтеу үшін қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің түрлері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Әйелдер мен кәмелетке толмағандар үшін төменгі, орташа және ең жоғары қауіпсіздік мекемелерінде сотталғандарды ұстаудың ерекшеліктері мен режимдері туралы айтты. Біздің облыста ҚАЖД мекемелерінің болуы туралы, сотталғандардың құқықтық жағдайы, олардың құқықтары мен міндеттері туралы ҚР ҚК 10-бабы және 11-бабына сәйкес, оларды еңбекке тарту, олармен тәрбие, мәдени-бұқаралық және спорттық жұмысты ұйымдастыру туралы жеткізілді. Сотталғандардың ҚАЖД-нің мекемелерінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігі туралы жеткізілді. Шартты түрде сотталған азаматтарды, бас бостандығын шектеуге бақылауды жүргізетін және олардың тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік бейімделуімен айналысатын пробация қызметімен де таныстырды.
Сөз сөйлеген БҚО бойынша ҚАЖД кадр жұмысы жөніндегі бас маманы әділет майоры С.С.Алибаева білім алушыларға ҚАЖД органдарында қызмет өткеру және кадрларды іріктеу тәртібі, қатардағы және офицерлік құрамға қойылатын біліктілік талаптары, қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және осы қызметтегі артықшылықтар туралы айтып берді.
Қонақтар білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, оқуда табыс тілеп, тәжірибеден өтуге және қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке шақырды.

