2024 жылдың 20 қараша күні «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен жоғары агро-техникалық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенттеріне ашық есік күні өткізілді. Шара барысында «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика» білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Колледж студенттері оқу үрдісі, ішкі тәртіп бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды. Кездесудің соңында кафедраға бекітілген арнайы мамандандырылған кабинеттерге экскурсия өткізілді.


