2024 жылдың 20 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институты, Педагогика және психология кафедрасының п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Джонисова Гүлжиян Қабдолғалиқызы , п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кинжекова Рысқаным Салимовнаның ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасын білім беру ұйымдарына енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты әдістемелік семинар өтті.
Семинарға аталған кафедраның студенттері мен оқытушылары және 7М01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары қатысты. Семинар барысында қатысушыларға мазмұнды және тәжірибеге бағытталған құнды мәліметтер ұсынылды. Гүлжиян Қабдолғалиқызы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша нормативтік құжаттарға тоқталса, магистранттар Буентаева Менсулу Әбілғазиевна мен Убишева Айжан Сұлтанқызы № 9 “Еркемай” бөбекжайы мен №13 “Зейін” бөбекжайындағы «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» ұйымдастырылуы бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қожанғалиев Айболат Тоғайұлы мен Хайырболатов Сабыржан Бауыржанұлы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында пайдалы сілтемелермен бөлісті.Ұлттық құндылықтарға арналған «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында Хамзина Жұмагүл Қуанышбайқызы және Темірханова Қызғалдақ Бағдатқызы, Баянова Гүлім Жанбекқызы ұлттық ойындарға негізделген көрмемен таныстырып, қатысушылармен практикалық жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбие берудің маңыздылығын Болатова Аружан Азаматқызы жеткізді. “Digital Art Gymnasium” моделі негізінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» енгізу тәжірибесі туралы Алпамысова Эльмира Алмапысовна, Аюпова Нұргүл Ғалымжанқызы және Атауова Амина Беркінқызы қызықты жобаларымен бөлісті.
Семинар қызықты әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар баяндамашылардың тәжірибесімен танысып, өз жұмыстарында қолдануға болатын тың идеялар алды. Семинар қорытындысында п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кинжекова Рысқаным Салимқызы мен PhD доктор, қауымдастырылған профессор Сұлтаниязова Насия Жалауқызы кері байланыс ұйымдастырып, қатысушыларға алғыс білдірді. Мұндай шаралар болашақ педагогтар мен білім беру ұйымдары үшін құнды тәжірибе алаңы болуда.


