2017 жылдың 22 қарашасында «Тілдер және менеджмент» факультетінің студенттерімен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай кездесу өтті.  Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанындағы «Жалын» жастар денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі Венера Есқарақызы Мергалиева, маман Әділет Ғаділбекұлы Берікқалиев және психолог Назым Мұхамбетқалиқызы Сағаденова шақырылды. Кездесу барысында шылым шегудің, алкоголь қолданудың және нашақорлықтың зиянды жақтары айтылып, видеороликтер көрсетіліп, студенттермен тренинг жүргізді. Сондай – ақ психолог маман сауалнама жүргізіп, студенттерге буклеттер үлестірді. Кездесу соңында студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, талқыланды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz