Халықаралық студенттер күні мерекесіне орай 2017 жылдың 20 қараша күні облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің ұйымдастыруымен алғаш рет «Үздіктер мен белсенділер 2017» слеті өткізілді. Шараны Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің ректоры, профессор Габдуалиева Раушан Смадинқызы құттықтау сөзбен ашып, оқуда озат студенттерге алғыс хаттар табыстады. «Үздіктер мен белсенділер» слетінің ресми бөлімінде оқу ордамыздың проректорлары мен факультет декандары салтанатты түрде спортшыларды, оқуда озат студенттерді, республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлерін, студенттік өзін-өзі басқару орталығының белсенділері мен үздіктерін (барлығы 47студент) мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен әкімшілік тарапынан марапаттады. Белсенді студенттерімізді өз тараптарынан құттықтай келген қонақтарымыз: Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Қ.Сакошев, Батыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталығының басшысы М.Әбілхас, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық қорының басшысы Н.Қ. Жолдасқалиев, Қазақстан Студенттер Альянсының БҚО бойынша көшбасшысы Е.А.Орынбасаровтар, Батыс Қазақстан облысы
“Акжайык” КТК лигасының атқарушы директоры Қ.Б.Досмағамбетов БҚИТУ әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, белсенді студенттерімізді марапаттады. Мерекелік шараның ІІ бөлімі университетстуденттерінің өзін-өзі басқару орталығының шығармашылық тобының концерттік бағдарламасымен жалғасты.


