2024 жылғы 16 қазанда ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы ветеринариялық зертхана базасында “ветеринариялық гигиена және санитария” пәні бойынша Ветеринария білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушыларына тәжірибеге бағытталған сабақ өтті. Тәжірибеге бағдарланған сабақты “Қараөзен” ЖШС ветеринариялық-санитариялық, фито-санитариялық сараптама зертханасының меңгерушісі Шеблыкина М.К. және ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Абатова Н.О. өткізді.
Ветеринарлық дәрігердің жетекшілігімен сабақ барысында білім алушылар үй жануарларының еті мен ет өнімдеріне, құс етіне, сүт пен сүт өнімдеріне, балық пен балық өнімдеріне, жұмыртқаға, ара балына ветеринариялық-санитариялық сараптама және зертханалық зерттеулер жүргізу хаттамасымен танысты. Олар органалептикалық көрсеткіштерді, жалпы рационалды фонды, пісіру сынамасын анықтауды үйренді және осы көрсеткіштердің нәтижелерін “VetLab” жүйесінде электронды түрде бағалай алды. Сондай-ақ студенттер ветеринариялық заңнамаға сәйкес зертхана ветеринариялық-санитариялық сараптама мен зертханалық зерттеулердің толық нәтижелерімен ветеринариялық анықтама беретінін білді.
Тәжірибеге бағдарланған сабақтар өткізу біздің Ветеринария ББ ЖОО түлектеріне кәсіби қалыптасу мәселелерін шешуге көмектеседі, сондай-ақ өндірістегі одан әрі кәсіби қызметке сәтті бейімделуге мүмкіндік береді.

