Заманауи университеттер ұсынатын білім беру қызметтерінің тізімі айтарлықтай кең және әртүрлі мамандықтар мен мамандарды даярлау бағыттарының кең спектрін қамтиды. Сондықтан талапкердің саналы таңдауы, оның жоғары оқу орнында оқыту бағытын таңдауына мүмкіндік беретін оның тұрақты кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесі өте өзекті.
2024 жылдың 16 қазанында Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Қ.Қ. Жанияров, «Энергетика, автоматика және есептеуіш техника» кафедрасының аға оқытушылары А.М. Сәрсенғалиева, А.Н. Шатекова және «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы И.К. Жұмағалиевпен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында ҰБТ тапсырудағы жаңашылдықтар туралы, сондай-ақ салалық технологиялар институтында оқыту жүргізілетін білім беру бағдарламалары, ЖОО-ға қабылдау ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.