Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 21 ақпан күні математика және информатика пәндері бойынша мектеп оқушыларының интеллектуалдық және практикалық дағдыларын дамыту мақсатында 11 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – математика және информатика саласындағы дарынды мектеп оқушыларын анықтау және қолдау; логикалық ойлауын, аналитикалық қабілеттерін және теориялық білімдерін практикада қолдана білуді дамыту; жаратылыстану пәндері мен ақпараттық технологияларды оқуға қызығушылықты арттыру.
Олимпиадаға №2 ЖОББМ, №5 ЖОББМ, №13 ЖОББМ, №17 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, №33 ЖОББМ, №39 ЖОББМ, №40 ЖОББМ, №43 ЖОББМ, №45 ЖОББМ, №50 ЖОББМ, Ахмет Байтұрсынов ат №10 ЖОББМ, М.Маметова атындағы №27 мектеп-лицейі, Хиуаз Доспанова атындағы №30 ЖОББМ, А.Н. Молдагулова атындағы №38 мектеп-лицейінің 10 және 11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада екі кезеңде өтті: теориялық кезең: оқушылар математикалық теориялар мен әдістерді қолдануды, сонымен қатар логикалық талдауды қажет ететін есептерді шығарды. Практикалық кезеңде: қатысушылар Python бағдарламалау тілін пайдалана отырып, бағдарламалау есептерін шешті. Әртүрлі есептерді шешу үшін алгоритмдік ойлауды қолдану қабілеті де тексерілді.
Математика және информатика бойынша қалалық олимпиада мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін дамытуға ықпал ететін және олардың педагогикалық ғылымдарға деген қызығушылығын арттыратын сәтті шараға айналды. Қатысушылардың көпшілігі алдағы уақытта облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысуға жоғары әлеуеттерін көрсетті.
