2023 жылғы 22 ақпанда 6В07501 “Стандарттау және сертификаттау” ББ 2, 3 курс студенттері үшін (салалар бойынша) БҚИТУ БМФ “КазСтандарт”стандарттау және метрология институтының Батыс Қазақстан филиалында тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізілді.

Тәжірибеге бағытталған сабақтың мақсаты-студенттерде нақты кәсіби ортада қажет кәсіби, интеллектуалды, жеке құзыреттіліктерді қалыптастыру.

“КазСтандарт” Қазақстандық стандарттау және метрология институтының БҚФ бас маманы А. М. Удишева студенттерді ҚР-дағы техникалық реттеу жөніндегі мемлекеттік жүйенің құқықтық негіздерімен, техникалық регламенттердің негізгі мақсаттары мен қағидаттарымен таныстырды.

Тәжірибеші маман К. М. Ермуганов “өндірістегі сапа менеджменті жүйесін енгізу және дамыту” тақырыбында дәріс оқыды, онда білім алушыларға СМЖ қағидаттарын, сондай-ақ өндірілетін өнімнің сапасына ішкі және сыртқы факторлардың әсерін түсіндірді.

“КазСтандарт” Қазақстандық стандарттау және метрология институтының БҚФ бас мамандары Айман Максотовна Удишеваға және Қанат Мұсайұлы Еругановқа ЖОО-ның білім беру процесіне қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz