2017 жылдың 26 қазан айында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық  университетінің Педагогикалық факультетінде “Жастар арасындағы ішімдік пен нашақорлық, қылмыс және заң бұзушылықтың алдын алу мәселелері” атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді ұйымдастыруда ортаға салынып отырған тақырып қазіргі уақытта өте өзекті мәселе. Қоғамның ең әлсіз тұсы жастарымыздың ерте ішімдік пен нашақорлық, қылмыс және заң бұзушылық іс-әрекетке баруы көбейіп кетті.  Соңғы он жылдың ішінде жастар арасындағы ішімдік пен нашақорлықтың, олармен байланысы бар қылмыстық әрекеттер туралы естиміз. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге «Құқық бұзушылықтын алдын алу және тыю жөніндегі шаралар» тақырыбында қазан айының 23-27 аралығында Батыс Қазақстан облыстық прокуратура қызметкерлерімен жоспарға сай өткізілетін кездесулер аясында, тақырыпқа сай талқылану мақсатында бірнеше қонақтарымыз шақырылды.  Облыстық прокуратур басқармасы прокурорының аға көмекшісі Мендалиева Гульнар Сансызбайқызы, Облыстық прокуратур басқармасы прокурорының аға көмекшісі Аманкулов Алмаз Мусаұлы, БҚИТУ жастар ісі жөнінде проректор Абекешев Аянбек Иманбайұлы.

Келген барлық мамандар өз саласында жастар арасындағы қылмыс мәселесі жөнінде және жастармен  жұмыстану жолдарын қысқаша баяндап берді және өз еңбектерімен таныстырды. Тақырыпқа сай студенттер келген қонақтарымызға өздерін мазалап жүрген  бірнеше сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып талқылады. Заң бұзушылық және оның бағыттары туралы мәселе қазіргі жастарды өте қатты қызықтыратындығына көзіміз жетті, себебі дөңгелек үстелде студенттердің барлығы түгелдей белсенді қатынасып отырды. Ұйымдастырушы: Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Халикова Ботагоз Төлегенқызы, Шонбаева Саулеш Төлегенқызы.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz