2017 жылдың қараша айының 1-ші жұлдызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің 1-2 курс студенттері арасында «Біз таланттарды іздейміз» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудын негізгі мақсаты:
- университетіміздің талантты жастардың беделін көтеру және талантты жастардың шығармашылығын шыңдау;
- қоғамдағы жағымсыз қасиеттерден арылтып, мәдениеттілікке тәрбиелеу;
- ұлттық өнерді жастарымыздың бойына сіңіру, беймәлім тұстарын үйрету және өнерге деген сүйіспеншілігін артуры;
- студент жастарының бос уақытын тиімді өткізуге ықпалдасу;
- Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді:
- «Ән – өмірдің ажары» – вокалдық номинация бойынша;
- «Мәнерлеп оқу» – номинациясы;
- «Жастық шақта ойнада күл» – жеке және топпен би билеу;
- «Аспаптық шығармашылық» – музыкалық аспаптарда ойнау;
- «Жүргізушілер» номинациясы (қазақ, орыс тілдерінде);
Осы номинациялар бойынша қатысушылар бақ сынады. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, әкімшілік тарапынан алғыс хаттармен марапатталады.





